Ә.Қастеев мұражайына экскурсия

2023 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығының «Қаһарман ұлт» жобасы аясында  жастарды патриоттық  рухқа, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, халқымыздың ұлы тұлғаларын насихаттау мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, тарих ғылымдарының кандидаттары Н.Т.Жанақова мен Б.Н.Жүзтаеваның жетекшілігімен университеттің Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің 2-курс студенттері Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына экскурсия жасады.

Экскурсия барысында студенттер мұражайдағы қазақтың әйгілі суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеев шығармашылығына арналған залдың және сәндік-қолданбалы өнер залының экспозицияларымен танысты.

Студенттер Қастеевтің туындыларын тамашалау кезінде суретшінің қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы,  Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов портреттерін салған шеберлігіне сүйсінді. Сонымен бірге ұлттық сәндік қолданбалы өнеріне арналған залға қойылған кілем және зергерлік өнер туындыларымен танысты.

Өнер мұражайына экскурсия қорытындысында студенттер Ә.Қастеевтің  қазақ тарихындағы ұлы тұлғаларды сомдаған туындыларымен рухтанды. Бұл экскурсия олардың ұлттық өнерді бағалауға қызығушылығының артуына ықпал етті.

Печать