“Бейбітшілік және Қақтығыстар”

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Шығыстану кафедрасы меңгерушісі, аға оқытушы Уралбаев Самат Саламатович 2023 ж. 17-22 қыркүйекте Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Бішкек Академиясында “Бейбітшілік және Қақтығыстар” халықаралық тренингіне қатысып, теориялық-тәжірибелік біліктілігін жетілдіріп келді. Аға оқытушы Уралбаев С.С. ЕҚЫҰ Академиясының толық қаржылай стипендиясының иегері атанды. Халықаралық сертификацияланған тренингті ЕҚЫҰ Академиясы, CRISP (Crisis Simulation for Peace) пен Бейбітшілік және Даму институты ұйымдастырды және Орталық Азия мен Ауғанстаннан 20 жас маман қатысты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать