Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Конфуций Институтында «Конфуций Институты күндері» атап өтілді

2023 жылдың 27 қыркүйегінде Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Конфуций Институтында Конфуцийдің туған күніне орай жыл сайын атап өтілетін Конфуций Институты күндеріне арналған іс-шара өтті.

Аталмыш іс-шараға Шығыстану факультетінің 50-ден астам студенті қатысты. Іс-шара барысында студенттерге қытай каллиграфиясы, қағаз қию өнері бойынша шеберлік сабақтар өткізілді. PhD докторы Ши Лонвэй «Қытайдың дүниежүзілік мұрасына шолу» атты тақырыпта дәріс оқыды. Қытайдың Southwest University-нің оқытушысы Чен Цзе студенттерге онлайн форматта қағаздан ою-өрнек қию техникасын үйретті. «Қытай каллиграфиясы» дәрісін аға оқытушы С.Сабиғазина жүргізді.

Іс-шараға Шығыстану факультетінің деканы, профессор Е.М. Қағазбаева, Шығыс тілдер аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор Р.Б. Джелдибаева қатысты.

Аталмыш іс-шара қытай тілі мамандығында оқитын студенттерге қытайдың ұлттық  мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Іс-шараны өткізуге кафедра оқытушылары Ж.Әділәлі, А.Нұржаубек, А.Әшімбаева сынды оқытушылар белсене қатысты.

Печать