"Аударма өнері: Аудармашылар - мәдениеттер арасындағы көпір. Аударма және Филология Факультетінде Халықаралық Аудармашылар Күні "

Жыл сайын 30 қыркүйек күні әлемде мәдениеттер мен тілдер арасындағы түсіністікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын мамандардың маңыздылығын мойындау үшін Халықаралық Аудармашы Күні аталып өтіледі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және Филология Факультеті де шетте қалмады. Бұл күні студенттер мен факультет мұғалімдері осы маңызды күнді атап өту үшін және әлемдік тілдер мен мәдениеттерге деген құштарлықтарымен бөлісу үшін бас қосты.

Биылғы жылы бұл іс-шараның ұраны "Words travel the world. Translators do the driving” болды”.

Аударма және Филология Факультетіндегі Халықаралық Аудармашы Күніне арналған іс-шара күнтізбедегі асыға күтілетін және шабыттандыратын оқиғалардың бірі болып табылады. Жыл сайын студенттер, мұғалімдер және шақырылған қонақтар заманауи әлемдегі аударма мен көптілділіктің маңыздылығын атап өту үшін бас қосады.

Биылғы іс-шара аударма теориясы мен практикасының пайда болу және даму тарихымен, оның қазіргі әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы ақпаратпен бөлісуден, сондай-ақ ұлы шетелдік және қазақстандық аудармашы ғалымдардың қысқаша өмірбаянынан басталды.

Сондай-ақ, студенттер аудармашының жұмысы, аударма саласындағы білімнің маңыздылығы және аудармашының қателігі әкеліп соғатын жағымсыз  жағдайлар туралы баяндайтын танымдық және әзіл-оспақты сипаттағы түрлі бейнероликтер мен қойылымдар дайындады.

Сонымен қатар, студенттер түрлі музыкалық композициялар мен би қойылымдарын орындады.

Шет тілдерінің сөйлеу практикасы кафедрасының меңгерушісі Куркимбаева Айжан Мұратовна құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге оқуда табыс тілеп, осы концертке қатысқандары үшін алғыс айтты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать