КОРЕЙ ЖАЗУЫ КҮНІ

Хангыль - Седжон патшаның жарлығымен 1446 жылы жасалған корей алфавиты. Бұл елдің танылған мәдени мұрасы және оның ерекше мақтанышы.

6 қазанда ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы дәстүрлі түрде шығыстану факультетінің студенттері үшін 9 қазанда Корея Республикасында атап өтілетін және ұлттық мереке болып табылатын корей алфавитінің 577 жылдығына арналған форум өткізді.

Іс-шараға студенттер ғана емес, сонымен қатар құрметті қонақтар да қатысты: Шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э. М., шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі   Бүркітбай Г.Ж., шығыс тілдер аудармасы кафедрасының меңгерушісі Джельдыбаева Р.Б., сондай-ақ «Шинхан Банк Казахстан» Басқарма төрағасының орынбасары Ким Ёсеб мырза, шығыстану факультетінің үш кафедрасының оқытушылары қатысты. Айта кететіндей, ұзақ жылдар бойы корей бөлімшесін қолдап Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы ұйымдастырған іс-шараларға қатысып келе жатқан «Шинхан Банк Казахстан» Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей бөлімінің түлектері үшін көптен бергі серіктестердің бірі және жұмыс берушінің бірі болып табылады. Биылғы жылы іс-шараға корей тілі оқытылатын колледждердің студенттері де шақырылды: Абылай хан атындағы Лингвистикалық колледж, Педагогикалық колледж, Халықаралық Туризмнің менеджмент колледжі. Бұл колледждерде корей тілін шығыстану факультетінің корейтанушы түлектері оқытады.

Іс-шара Шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э.М.-ның құттықтау сөзімен басталды, сонымен қатар «Шинхан Банк Казахстан» Басқарма төрағасының орынбасары Ким Ёсеб мырза студенттер алдында сөз сөйледі. Іс-шараның ресми бөлімінде Корейтану орталығының директоры Ким У.А. қатысушыларды Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығының қызметімен таныстырды. Ким У.А. Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім Беру Орталығына тұрақты қолдауы және ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Іс-шараның қуанышты кезі ТОРІК -тен сәтті тапсырған студенттерді шағын сыйлықтармен марапаттау болды, сондай-ақ Корей жазуы күніне арналған үш байқауда жүлделі орындарға ие болған студенттерге ақшалай сыйлықтар табысталды. Корей тілінде эссе байқауы, «Қазақстан мен Кореяның қызықты қалалары» тақырыбындағы корей тілінде бейнероликтер байқауы, ақын Ким Соволдың өлеңдерін оқу байқауы. Өткен 2 апта ішінде өткен байқауларға корей тілін оқитын шығыстану факультетінің 1-4 курс аралығынан 40-тан астам студент қатысты.

Корей тілінде эссе байқауының жүлдегерлері:

  1. Цой Яна, 2 курс, «Аударма ісі» БББ
  2. Отегенова Мадина, 2 курс, «Шығыстану» БББ
  3. Жумагали Мадина, 3 курс, «Шетел филологиясы» БББ

            Ынталандыру сыйлығы – Райысова Диана, 2 курс, «Шетел филологиясы» БББ

Бейнероликтер байқауының жүлдегерлері:

  1. Мухамбетжан Жансая, Жумагали Мадина, Базарбай Гаухар, 3 курс, «Шетел филологиясы» БББ
  2. Абдуахитова Алина, 2 курс, «Шетел филологиясы» БББ
  3. Есимбекова Зерде, 4 курс, «Шетел филологиясы» БББ

Ынталандыру сыйлығы «Аударма ісі» БББ, 2 курс студенттері Марупова Азиза мен Пен Янаға берілді.

Ким Со Волдың корей тілінде өлеңдерін оқу жүлдегерлер анықталды:

  1. Сайдуллаева Ильгиза , 4 курс, «Шетел филологиясы» БББ
  2. Сабирбаева Лаззат, 4 курс, «Аударма ісі» БББ
  3. Темиргалиева Сабина, 4 курс, «Аударма ісі» БББ

Ынталандыру сыйлығын «Шетел филологиясы» БББ, 4 курс студенті Қапезғалиев Айболға берілді.

Әрі қарай 1-2, 3-4 курс студенттері мен колледж студенттері үшін корей тілі мен мәдениеті туралы мәліметтерді білуге ​​арналған викторина өткізілді. Іс-шара шағын концерттік бағдарламамен аяқталды, онда 3 курс студенті Нұрмамет Мөлдір К-рор биімен өнер көрсетті, "Шетел филологиясы" БББ 3 курс студенті Жумагали Мадина флейтада белгілі корей композициясын орындады, өлең оқу байқауының жеңімпаздары Ким Соволдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды, сондай-ақ «Қазақстан мен Кореяның қызықты қалалары» бейнероликтер байқауында 1-ші орынды иеленген бейнероликті бағалай алды. Бұл шығыстану факультеті мен Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім Беру орталығының қолдауымен ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы ұйымдастырған биылғы оқу жылындағы алғашқы үлкен іс-шара.

Печать