Мен жастарға сенемін!

2023 жылдың 11 қазан күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы мен Мемлекеттік тілді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне орай М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына  арналған «Мен  жастарға сенемін!» атты 1 курс  орыс топтары студенттері арасында факультетаралық байқау болып өтті. Мақсаты – М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, мәнерлеп жатқа айтуға баулу, білімгерлерді қазақ елінің мақтанышына айналған Алаш қозғалысының қайраткері, ақын- жазушы Мағжанды құрметтеуге, шығармаларын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, сұлулыққа тәрбиелеу. 

Байқау барысында әділқазылар алқасы таныстырылды.   ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аққожина Баян Қанатқызы кіріспе сөзбен ашты. Идеология және қоғамдық даму басқармасының басшысы Г.С.Егенбаева құттықтау сөзімен жалғастырды.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең бойынша білім алушылар ақын М.Жұмабаев өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан   сайысқа түсті. 2-кезең талабы бойынша   М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығын қамтыған қабырға газетін шығарды. 3-кезең бойынша Мағжан және оның шығармашылығы жайлы бейнебаян дайындап, қорғалды. Бейнежазбалар тақырыпқа сай түсіріліп, идеясы мазмұндық тұрғыдан көрініс тапқан. Оның тұтастығы мен бірегейлігі айқын бейнеленген. Әділқазылар алқасы ұсынылған бейнебаяндарды сараптамалық бағалаудан өткізіп, жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаздарға бас жүлде, 1,2,3- орындар беріліп, мақтау грамоталармен, алғыс хаттар т.б. сыйлықтармен марапатталды.

Печать