«Дауларды шешу және медиация институтын насихаттау жөнінде кешенді іс-шаралар өткізу»

2023 жылдың 10 қазан айында  халықаралық құқық кафедрасы мен «Әлеуметтік жобаларды басқару орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобасын орындау мақсатында «Дауларды шешу және медиация институтын насихаттау жөнінде кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбында  қонақ дәрісі өткізілді. «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ, «Қазақстандағы медиаторлар Ассоциациясының» ЗТБ басшысы, халықаралық деңгейдегі тренер-медиатор Жангелді Әжіғалиұлы Жақыпов дәріс оқыды.

Қонақ дәрісіне  халықаралық құқық кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы мен  3 және 4 курс студенттері қатысты.

Дәріс барысы студенттер  мен дәріскердің белсенді өзара байланысымен өтті, тыңдаушылар медиатордың жұмысына қызығушылық танытып, дауларды шешу бойынша халыққа көмек көрсету, татуластыру рәсімдері мен оларды жандандыру бойынша және кәсіби тәжірибе барысындағы нақты мәселелерді талқылады.  Іс-шараға қатысушылар жанжалдарды шешудің инновациялық әдісі, медиатордың рөлі, жанжалдардың алдын алу тәсілдері, медиацияны қолдану салалары туралы жаңа білім алды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать