Корей тағамдары күні

11 қазанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім беру орталығының қолдауымен Корей тағамдары күнін өткізді, оның аясында жастар арасында танымал корей тағамдарын, яғни кимпап және ттокпокки дайындауға конкурс ұйымдастырылды. Байқауға шығыстану факультетінің корей тілін оқитын 65-ке жуық 3 және 4 курс студенттері қатысты.

Қатысушылар 13 топқа бөлініп, тамақ дайындауға кірісті. Студенттер бір-бірімен жарысқанына қарамастан, іс-шарада жылы көңіл күй орнады. Корей тіліндегі "сонбэ", яғни үлкен курс студенттері тамақ дайындауда өз шеберліктерін және оларды безендірудегі шығармашылықтарын көрсеткенше, Корейтану орталығының 12 еріктісі- кіші курс студенттері, яғни "хубэ"  іс-шараны ұйымдастыруға көмектесіп үлкен курс студенттерін қолдады. 13 команда өз тағамдарын корей тілі мұғалімдерінен тұратын құзыретті қазылар алқасына ұсынды.

Қазылар алқасының алдында топтардың жұмысын 4 критерий бойынша бағалау  күрделі тапсырма болды: ең дәмді кимпап, ең дәмді ттокпокки, ең жақсы безендіру және дайындалған тағамдарды ең креативті ұсынуы.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, ынталандыру сыйлығы берілді. Жеңімпаздар шағын ақшалай сыйлықтарға ие болды, ал осы іс-шараның барлық қатысушылары қуаныш пен жағымды эмоциялар алды. Мұндай іс-шаралар біріктіреді, ұжымдық рухты және топ ретінде өзара әрекеттесуге үйретеді.

Айта кететіндей, іс-шара сыртта өтіп, пейзаж да,  күздің жылы шуағы да мерекеге керемет көңіл-күй сыйлады.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать