«Доктор, профессор Мустафа Демирджидің қонақ дәрісі» (Түркия Республикасы)

2023 жылдың 13 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасының «Dilmar үйірмесі» Түркия Республикасының 100 жылдығына орай «Türk Dünyasında Yeni Bir Rönesansın İmkanları» тақырыбында Түркия Республикасының Сельчук университетінен келген доктор, профессор, Әлеуметтік ғылымдар институтының директоры Мустафа Демирджи мырзаның лекциясы ұйымдастырды.

Лекцияға шығыстану факультетінің деканы Э.М. Кагазбаева, шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Г.Ж. Бүркітбай, шығыстану кафедрасының меңгерушісі С.С.Уралбаев, түрік тілі оқытушылары, ф.ғ.к., қауым. профессор Ш.Б. Кожабекова қатысты. Сонымен қатар «Шетел филологиясы», «Шығыстану» және «Түркітану» білім бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер лекцияны тыңдады.

Мустафа Демирджи мырза лекция барысында түркі елінің тарихы ғана емес, қазақ халқының тарихына да тоқталып студенттердің сұрақтарына жауап берді. Лекция қызық және жаңа мағлұматтарға толы болды.  Лекцияға қатысқандар Мустафа Демирджи мырзаға алғыстарын білдіріп рахмет айтты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать