Кванджу қаласының білім департаментінен (Корея Республикасы) «Корей мәдениеті күні»

19 қазанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ  орталық аллеясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ  Корейтану орталығының қолдауымен Кванджу қаласының (Корея Республикасы) білім департаменті ұйымдастырған "Корей мәдениеті күні" өтті.

Университетке Оңтүстік Корея мектептерінің жоғары сынып оқушылары – Қазақстанға дәстүрлі және заманауи корей мәдениетімен таныстыруға, сондай-ақ қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы білу үшін оқу үздіктері қызықты бағдарламамен келді.

Оңтүстік кореялық оқушылар қызықты мәдени бағдарлама дайындады: түрлі корей тағамдарын ұсынды, қазақстандық студенттерімен ютнори, тухонори, чегичаги халық ойындарын ойнады. Оңтүстік кореялық оқушылары Қазақстанның ғана емес, әлемнің көптеген елдерінің жастарының сүйіспеншілігіне бөленген корейдің дәстүрлі билері мен заманауи K-pop билерін орындады.

Корей оқушыларымен танысуға алматылық оқушылар, корей тілі оқытылатын колледж студенттері келді. Іс-шара ойындарға қуана қатысып, корейлік тағамдары мен тәттілерінен дәм татқан ҚазХҚжӘТУ студенттері үшін де танымды және қызықты болды.

Айта кететіндей, бұл іс-шара бұл іс-шара оқу жылының басынан бері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ  Корейтану орталығы мен шығыстану факультеті өткізген, университет студенттері ғана емес, сонымен қатар колледж студенттері мен Алматы мектептерінің жоғары сынып оқушылары да қатысқан бірқатар іс-шаралардың бірі болды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать