«6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған халықаралық тағылымдама

«6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттеріне халықаралық тағылымдама ұйымдастыру мақсатында Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті Түркиядағы ASA HRM компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда. ASA HRM компаниясы шетел студенттерін жұмыспен қамту және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру саласындағы жеткеші консалтинг және рекрутингтік агенттік болып табылады. Бұл тағылымдама ҚазХҚжәнеӘТУ мен ASA HRM компаниясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады. Тәжірибе барысында студенттер отельдегі Front Office, Guest Relations, Animation и Food & Beverages бөлімдерінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, өз біліктіліктерін дамытады.

 Сондай-ақ, 2022-2023 оқу жылында факультет Түркияның Анталия қаласындағы TEZTOUR (EUOPE HOLIDAY) компаниясымен ынтымақтастықты бастады. 2023 жылдың сәуір айында TEZTOUR (EUROPE HOLIDAY) компаниясы мен ҚазХҚжәнеӘТУ  арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы ынтымақтастық аясында «Түркияда тағылымдамадан өту» бағдарламасы әзірленді. Осы бағдарлама бойынша «6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттері ақылы кәсіптік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады және тағылымдама нәтижелері негізінде TEZ TOUR компаниясының Алматыдағы өкілдігінің қызметкері бола алады немесе кадрлық резервіне кіре алады. Практика кезінде студенттер трансфер гидінің функционалдық міндеттерін орындайды, экскурсиялар кезінде туристік топтардың жетекшісі болады, әртүрлі экскурсиялық бағдарламаларды жүргізеді.

Жоғарыда аталған компаниялармен ынтымақтастықтың нәтижесінде Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті деканының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 24-262-с бұйрығымен 2 және 3 курс студенттері Түркияға халықаралық тәжірибеден өтуге жіберілді. Халықаралық тәжірибе 2023 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Europe Holiday туристік компаниясында және 5-жұлдызды Kirman Belazur, Selectum Luxury, Sunis Royal Efes, Euphoria Royal Diwa Tekirova, Von Golden Coast, Hotel SU және т.б. қонақүйлерінде өтті. Барлығы 126 студент халықаралық тәжірибеден өтті, оның 53-і «6В11101 Туризм» білім беру бағдарламасы және 73-і «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхан бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері.

 

Халықаралық тағылымдама нәтижесінде студенттер кәсіби дағдыларын жетілдіреді, ағылшын және түрік тілі деңгейлерін көтереді, сертификаттар мен ұсыныс хаттар алады, бұл өз кезегінде олардың келешекте Қазақстандағы туристік және қонақ үй кәсіпорындарында жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать