Солтүстік Македония Халықаралық Визион университетінің профессор, докторы Дилек Дурактың қонақ дәрісі

2023 жылдың 26 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасының «Dilmar үйірмесімен» Түркия Республикасының 100 жылдығына орай «Türk Kültüründe Kadın İmgesi» тақырыбында лекция ұйымдастырылды.

Солтүстік Македония Халықаралық Визион университетінің профессор, докторы Дилек Дурак ханым, Түркия Республикасының Коджаели университетінен докторы Айфер Озмен ханым, «Tema» фондының директоры Несрин Тол ханым, доктор Нилгун Хонджа ханымның   лекциясы тыңдалды. Лекцияға шығыстану факультетінің деканы Э.М. Кагазбаева, кафедра меңгерушісі Г.Ж. Бүркітбай, шығыс филологиясы кафедрасының түрік тілі оқытушылары, шығыстану кафедрасының оқытушысы т.ғ.к., доцент  Ж.О. Есеркепова қатысты. Сонымен қатар «Шетел филологиясы», «Шығыстану» және «Түркітанушы» білім бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер лекцияға қатысты.

Дәріс барысында түркі әйелдерінің қоғамдағы, экономикадағы, мәдениеттегі және тарихтағы рөлі талқыланды. Іс-шара пікірталас форматында өтті, студенттер шақырылған қонақтардың сөздеріне үлкен қызығушылық танытты. Іс-шара соңында естелік сыйлықтармен алмасты. Студенттер қонақ дәрісі қызықты болғанын және іс-шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать