Біздің студенттер халықаралық байқауларда жүлделі орындар жеңіп алуда

Біздің университет Бельгияның Брюссель қаласында орналасқан EURHODIP туризм және қонақжайлылық саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі болып табылады. Аталған қауымдастықпен ынтымақтастық аясында «туризм» және «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының студенттері жыл сайын халықаралық студенттер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Аталған іс-шараның өтетін орны жыл сайын өзгеріп отырады және түрлі елдерде өткізіледі.

Биылғы жылы байқау 1-5 қараша аралығында Солтүстік Кипрдегі Фамагуста қаласында EURHODIP қауымдастығының форумы аясында өтті. «Туризм» мамандығының 4-курс студенті Мерей Төлеген «Tourism management» секциясында жүлделі 3-орынға ие болды. Ол қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Милан қаласындағы IULM университетінде оқып жатыр.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать