«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ QS World University Rankings 2024 рейтингтік циклінде

Лондон, 8 қараша 2023 жыл: QS Quacquarelli Symonds, жаһандық жоғары білім талдау агенттігі QS World University Rankings: Asia 2024 жаңа басылымын жариялады.

Жоғары оқу орындарының халықаралық тану, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру ортасының сапасы, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық саласындағы жиынтық бағасын білдіретін биылғы Азия рейтингі қатысушыларының саны бойынша ең үлкені болды: оған 856 жоғары оқу орындары кіреді, сондай-ақ 25 ел мен аумақтың университеттері, олардың 148-і – алғаш рет рейтингтік цикліне қатысты.

Соңғы рейтингтік кестеде Пекин университеті екінші жыл қатарынан Азиядағы ең үздік университеттер тізімінде көш бастады. Гонконг университеті екінші орынға көтерілсе, үздік үштікті Сингапур Ұлттық университеті түйіндейді. Үндістан азиялық рейтингте ең кең өкілдікке ие, оған елдің 148 университеті кірді, бұл рейтингтің алдыңғы шығарылымымен салыстырғанда 30-ға артық. Одан кейін Азиядағы ең үздік университеттер тізімінде сәйкесінше 133 және 96 университетпен ұсынылған Қытай мен Жапония тұр. Жаңа рейтингке өз тарихында алғаш рет Мьянма, Камбоджа және Непал университеттері енді.

Тұтастай алғанда, 2024 жылғы рейтингтік циклде QS World University Rankings талдауының нәтижелеріне сәйкес «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ халықаралық рейтингте «1001-1200» орындар арасында, атап айтқанда, 1157-орында тұр, бұл өз кезегінде университеттің рейтингке қатысқан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 33%-дан озып тұрғанын көрсетеді.

QS World University Rankings: Asia 2024 аймақтық рейтингі аясында «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ Азия елдеріндегі университеттер арасында 351-400 орынға ие болды.

Аймақтық рейтинг туралы айтатын болсақ, «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ QS Asia University Rankings 2024: Central Asia рейтингінде Орталық Азия университеттері арасында 19-орынға ие болды.

Осылайша, QS халықаралық рейтингтік агенттігіне қатысатын ЖОО санының өсуіне қарамастан, «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ айтарлықтай табыспен 2024 жылғы рейтингтік циклде өз орнын сақтап алды.

Печать