Ablai Khan University студенттері «Азиямен диалог» Халықаралық мектебіне қатысты

2023 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Сахалин мемлекеттік университетінің Филология, тарих және шығыстану институтында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің шығыстану факультетінің студенттері «Басымдық-2030. Қиыр Шығыс» дамыту бағдарламасы аясында «Азиямен диалог» халықаралық мектебінің жұмысына қатысты.

«Азиямен диалог» халықаралық мектебі саяси, экономикалық, гуманитарлық салаларда және өзара іс-қимылдың басқа да өзекті салаларында рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген өркениеттер диалогында жұмыс істей алатын жас мамандарды даярлауға бағытталған бірегей білім беру бағдарламасы болып табылады.

«Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Нұрмамет Мөлдір, Жұмағали Мадина «Comparative analysis of characters in kazakh and russian folk tales» тақырыбында баяндама дайындады. Ал студенттер Цой Яна мен Пак Ксения «Kazakh traditions» атты баяндама қорғады.

Студенттер Сахалин мемлекеттік университетінің жетекші оқытушыларының және шақырылған спикерлердің дәрістерінің арқасында пайдалы білім алды, практикалық жаттығуларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысты, сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушылар дайындаған экскурсиялық және мәдени бағдарламадан көптеген қызықты нәрселерді білді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать