«Қазақстан Республикасындағы туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлау рөлі»

2023 жылдың 9 қараша айында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Менеджмент және халықаралық коммуникациялар» факультеті қонақжайлылық менеджменті кафедрасы 6В11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 1 курс 101 тобының студенттері Жапарбай Амина мен Хожалиева Балнұр Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте өткізілген «Ел үміті» пікірсайыс клубы ұйымдастырған пікірсайыс турниріне қатысты. Ғылыми жетекшілері - кафедра меңгерушісі Ракымжанова С.С., э.ғ.к., доцент Заманбекова А.Б., оқытушы Нұғманова А.Д., аға оқытушы Кәрімов Д.Ж. Турнирге мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қазанқап Г.Т. жетекшілік еткен 11 сынып оқушылары қатысты.

Турнир қонақжайлылық және туризм индустриясы саласындағы өзекті тақырыптардың бірі «Қазақстан Республикасындағы туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлау рөлі» тақырыбында өтті.

Пікірсайыс турнирінде туризм және қонақжайлылық саласында кадрлар дайындауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Турнир қонақжайлылық менеджменті кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ)  және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) , сонымен қатар кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқушыларды  6В11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасымен таныстыру мақсатымен өткізілді.

Пікірсайыс турниріне қатысушылар мен жетекшілер алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 6. ТАЗА СУ МЕН САНИТАРИЯ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать