Жапон тілінен халықаралық шешендік өнер байқауындағы жеңіс

2023 жылдың 12 қарашасында Новосибирск қаласында жыл сайынғы жапон тілінен шешендік өнер байқауы өтті. Бұл жолы «Сібір-Хоккайдо» туризм және бауырластық байланыс орталығы» муниципалды автономиялық мәдениет мекемесі аталмыш байқауды халықаралық деңгейде өткізуге шешім қабылдады.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінен «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша шығыс филологиясы кафедрасының жапон тілі бөлімінің 3 курс студенттері Антипова Ксения Ивановна мен Омарбаева Алтынай Муратовна қатысты. «Саппоро-Новосибирск» қауымдастығымен бірлесіп өткізілген жапон тіліндегі халықаралық шешендік өнер байқауына Сібірдің, Қазақстан мен Қырғызстанның қалаларынан қонақтар келді. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, «Жастар (үлкен топ)» тобында Омарбаева Алтынай Муратовна 3 орынға ие болды.

Жеңіспен құттықтаймыз және барлық бастамаларда одан әрі табыстар тілейміз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать