Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясы

Абылай хан атындағы Шығыстану факультетінің «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Шахалилова Ирисай, профессор Есенжан Дина Әнесқызының жетекшілігімен Сауд Арабиясында оқу бағдарламасының қатысушы болды. 15 қазан мен 9 қараша аралығында Шахалилова Ирисай Джидда қаласындағы Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясында білім алды.

Бұл бағдарлама Сауд Арабиясынан тыс жерлерден келген тіл үйренуші студенттерге белгілі бір және қысқа уақыт аралығындағы бағдарламаларды ұсынады. Бағдарлама Сауд Арабиясы Корольдігі, оның көрікті жерлері мен мәдениеті туралы Сауд Арабиясындағы әртүрлі мәдени және әлеуметтік іс-шаралар арқылы білу мүмкіндіктерін арттыруға арналған.

Факультет Шахалилова Ирисайға сәттілік тілейді!😍

Печать