«Жасанды интеллектің білім берудегі заманауи тенденциялары» атты студенттік пәндік олимпиада

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы 22 қараша 2023 ж. университетіміздің ректоры Құнанбаева Салима Сағиқызының 80 жылдық мерейтойына арнап Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттері арасында дәстүрлі (офлайн)  форматта студенттік пәндік олимпиада өткізді.

Олимпиада  екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең. «Жасанды интеллектің білім берудегі заманауи тенденциялары» тақырыбына салалас тақырыптардағы жобаны қорғау, екінші кезең – «Менің мамандығым» атты тақырыпта сайт құру болды. Студенттер келесі номинациялар бойынша:

І дәрежелі дипломымен Брежнева Алена, ҚазХҚ және ӘТУ, Аударма ісі (роман тілдері) 1 курс, орыс бөлімі;

ІІ дәрежелі дипломымен Смагул Асем, ҚазХҚ және ӘТУ, Аударма ісі, 3-курс, қазақ бөлімі,

Бақберген Бауыржан,  Қаз ҰТУ, Computer science, 4 курс,

Иманбеков Мейрамбек, ХАТУ, Ақпараттық жүйе мамандығы, 3 курс;

ІІІ дәрежелі дипломымен Балтабай Назерке, Алдаберді Аружан, Житкербаева Асалой, Лебекова Жанель, ҚазХҚ және ӘТУ,  Екі шет тілі мұғалімі, 2-курс, қазақ бөлімі,

Сейтқазиева Фариза, Қалимолда Олжас, Қазақ-Ресей медициналық университеті Жалпы медицина, 1 курс, қазақ бөлімі,

Жұмабек Шыңғыс, Курмангазиев Алихан, ҚазХҚ және ӘТУ, Аударма ісі (роман тілдері), 3 курс, орыс бөлімі мараппаталды.

 Олимпиадада студенттер білім беру жүйесіндегі  жасанды интеллектің озық технологиялармен танысты, жаңа ақпараттық технологияларды орынды пайдалану жолдары көрсетілді. Өткізілген олимпиада қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттердің қызығушылығын артырды деген сенімдеміз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать