«Мамандандырылған аймақтың тілдері: түрік және қытай» атты студенттік фестиваль

2023 жылдың 21 қараша күні "Тұран" университетінде Шығыс мәдениеті мен тілдеріне (түрік және қытай) арналған «Мамандандырылған аймақтың тілдері: түрік және қытай» атты студенттік фестиваль өтті. Фестивальдің мақсаты – студенттер арасында Шығыс мәдениеті, тілдері, білім беру үдерісін насихаттау.

Бұл фестивальға т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. жетекшілігімен факультетіміздің «Шығыстану» БББ 4 курс студенті Жабинская Софья Сергеевна және 2 курс студенттері Болат Алишер Саятұлы, Фан Лянхуй (Айбек) қатысты. Студенттеріміз фестивальдің ережесіне сай қытай тілінде өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде, Жабинская Софья және Болат Алишер сертификатқа ие болды.

Университетіміз бен факультетіміздің мерейін көтерген дарынды студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать