Шығыстану факультетінің оқытушылары «Өзбекстан – Қытай: тарихи, мәдени, ғылыми және экономикалық байланыс» атты VII халықаралық конференцияға қатысты.

2023 жылдың 18 қарашасында Ташкентте «Өзбекстан-Қытай: тарихи, мәдени, ғылыми және экономикалық байланыстардың дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті /ТМШУ мен Өзбекстан-Қытай Конфуций институтымен бірлесіп, бұл шараның ұйымдастырушылары болды. Қытайтанудың өзекті мәселелеріне арналған VII халықаралық конференцияға 110 ғалым, оның ішінде 30 шетелдік университеттер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ және ТМШУ арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында конференцияға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Конфуций институтының директоры профессор Қалибек Толқын, белсене қатысып профессор Ши Лунвэй баяндама жасады.

Тәжірибе алмасу мақсатында конференцияға Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының оқытушылары Сабиғазина Сәуле мен Ашимбаева Әсем қатысты. Конференцияға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Печать