АжФФ студенттерінің халықаралық пәндік олимпиадаға қатысуы

22 қараша 2023 ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы ректор С.С. Құнанбаеваның 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Жасанды интеллектің (ЖИ) білім берудегі заманауи тенденциялары» тақырыбында студенттік пәндік олимпиада өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:

1) Бірінші кезең – «Білім берудегі жасанды интеллекттің заманауи тенденциялары» тақырыбындағы жобаны қорғау.

2) екінші кезең – «Менің мамандығым» тақырыбында сайт құру.

Оған аударма және филология факультетінің орыс бөлімінің 2 курс студенттерінен тұратын "Liberal Arts" командасы да қатысты: Туйшиев Дәулет (АІ-гр синхронист 204 топ), Мұхтаров Ескендір (АІ-референт 213 топ), Горбулина Алмина (ИФ 235 топ), Велиева Айсель (ИФ 235 топ).

Қазір, өкінішке орай, мұндай оқиғаларға деген қызығушылық соншалықты жоғары емес, және барлық білім алушылардың қатысуға деген ұмтылыс әрдайым бола бермейді. Сондықтан мұғалімдер өз студенттерінің қатысамын деген шешімін қуанышпен және ынта-жігермен қабылдайды.

Студенттердің қатысуымен ғылыми және зияткерлік сипаттағы іс-шараларды өткізу қажет және маңызды деп санаймыз. Олардың ықпалы жастарды тәрбиелеу мен білім беруге, олардың жеке және кәсіби қалыптасуына мүмкіндік береді.

"Liberal Arts" командасы өз жобаларын екі кезеңде лайықты қорғап шыты. Қазылар алқасының қойған сұрақтарына ағылшын тілінде еркін сөйлеп, нақты жауаптар беріе ерекше әсер қалдырды, қазылар алқасыың құрамында  басқа жоғары оқу орындары мен ұйымдардың кәсіби сарапшылары да болды. Студенттердің заманауи технологияларды қолдана отырып,  факультет арасында олардың жүргізген сауалнамалары қазылар алқасына ұнады.

Олимпиададан кейін "Liberal Arts" командасының қатысушылары өз пікірлерімен бөлісті, онда олар студенттердің дамуы үшін осындай іс-шаралардың өтілу маңыздылығын атап өтті. Негізгі ережелерді атап өтсек олар:

* жаңа тәжірибе алмасу, басқа университеттермен және олардың студенттерімен танысу, өзара ынтымақтастық, тыңдаушыларға өз көзқарасын жеткізу мүмкіндігі, сөз сөйлеу шеберлігі мен шешендік дағдылар практикасын қолдана білу, студенттің өзіне деген сенімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жарайсыңдар балалар! Қатысуымен құттықтаймыз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать