Валайлак (Тайланд) университетінің қауымдастырылған профессоры Васин Прадицилп PhD докторантурасының "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының студенттеріне кәсіпкерлік бойынша дәрістер курсы

2023 жылғы 13-24 қараша аралығында Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінде, философия докторы Васин Прадицилп "Цифрландыру дәуіріндегі кәсіпкерлік" тақырыбында "Халықаралық бизнес"білім беру бағдарламасының студенттеріне дәрістер курсын өткізді. Доктор Васин Прадицилп - халықаралық коммуникация саласындағы сарапшы, Таиланд Корольдігі Валайлак университетінің Халықаралық колледжі BBA халықаралық бағдарламасының Президенті.

Курс барысында кәсіпкерліктің теориялық тұжырымдамалары мен практикасы, цифрлық ортадағы бизнес, шығындар құрылымы мен кірістер ағыны, бизнес-жоспарлар мен бизнес-модельдерді қалыптастыру және іске асыру, стартаптарға арналған маркетинг пен брендинг, баға стратегиялары, электрондық коммерция құралдары, деректерді талдау, сондай-ақ цифрлық кәсіпкерлік этикасы сияқты мәселелер қамтылды.

Оқыту нәтижесінде студенттер стартаптар мен BMC құру дағдыларын қалыптастырды, бұл оларға ұтымды бизнес-модель негізінде өз бизнес идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Алынған тәжірибе қазақстандық кәсіпкерлік тәжірибеде пайдаланылуы мүмкін.

Бағдарлама соңында үздік студенттерге университет сертификаттары берілді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать