Абылай хан университетінің оқытушысы Нельсон Мандела стипендиаты атанды

Абылай хан университетінің Шығыстану кафедрасы аға оқытушы Уралбаев Самат Саламатович “Дипломатияны дамыту орталығы” тарапынан ұсынылған “Мандела” атындағы стипендияның иегері атанды және 2023 жылы 19-25 қазан арасында Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен кәсіби тренингке қатысып, тәжірибесін шыңдап келді. Аталмыш тренингке әлемнің 20 елінен (Оңтүстік Африка, Қытай, Ресей, Мысыр, Палестина, Сауд Арабиясы, Эквадор, Колумбия, Морокко, Румыния, Ұлыбритания т.б.) 20-ға жуық стипендиат қатысып, өз тәжірибелері және идеяларымен бөлісіп, Нельсон Манделаның адамзатқа қалдырған бейбітшілік жолындағы мұрасын талқылап, дипломатия және қазіргі халықаралық қатынастар бойынша ой-пікір алмасты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать