«WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII Республикалық чемпионаты

WorldSkills International – 1946 жылы құрылған халықаралық коммерциялық емес бірлестік, оның миссиясы бүкіл әлемде кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, жұмысшы мамандықтарды танымал ету және беделін арттыру болып табылады. Негізгі мақсаты 22 жасқа дейінгі жастар арасында түрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Бүгінде ұйымның қызметіне 80 мемлекет, оның ішінде Қазақстан да қатысады.

2023 жылдың 23-25 ​​қарашасы аралығында Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіптік шеберліктің сегізінші чемпионаты өтті. Үш күнге созылған сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген колледж және жоғары оқу орындарының студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салды.

Чемпионатта университетіміздің «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Кальменова Меруерт «Мейрамхана қызметі» құзыреті бойынша өз өнерін көрсетті. Меруерт 4 конкурстық кезеңнен сәтті өтті: Бар, Бариста, Бистро сервисі және Банкет. Қатысушылардың белгіленген уақыт ішінде тамақ пен сусын ұсынатын бірнеше үстелмен жұмыс істей білу, банкетте қонақтар тобын басқару, ұсынылған және қатысушылардың өз қиялынан туған  рецепттер бойынша сусындар мен тағамдар дайындау, толық кофе мәзірін білу, коктейль-барда және бариста-лаунджта жұмыс істеу сияқты кәсіби дағдылары, қабілеттері мен білімдері бағаланды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Кальменова Меруерт Францияда өтетін WorldSkills Lyon 2024 жолдамасына ие болды.

Бұл шараға қатысудың екі үлкен нәтижесі бар: біріншіден, жастар конкурс жеңімпаздары атанып қана қоймай, жұмыс берушілердің назарын аударады. Бұл барлық қатысушы үшін тамаша мүмкіндік.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать