Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонның «Корея тарихы, қазіргі заманғы дамуы және Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастар» тақырыбындағы қонақ дәрісі

27 қарашада Абылай хан ҚазХҚжӘТУ-де Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонның «Корея тарихы, қазіргі заманғы дамуы және Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастар» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Дәріс Абылай хан ҚазХҚжӘТУ-де 5-ші Корейтану апталығы аясында оқылды.

Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхон Кореяның бөлінуіне дейінгі маңызды тарихи оқиғаларға қысқаша айтып, Кореяның қазіргі кездегі даму кезеңіне тоқталды, яғни 30 жылдан бері Корея Азияның дамыған елдерінің біріне айналып, «Ханган өзеніндегі ғажайып» деп аталды.  Дәріскер сонымен қатар студенттерге қазіргі уақытта Қазақстан мен Кореяның халықаралық қарым-қатынастары және одан әрі даму келешегі туралы айтты.  Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхон екі Кореяның тарихы мен қазіргі қарым-қатынасына да тоқталды.

Құрметті қонақтың дәрісі шығыстану факультеті студенттерінің қызығушылығын тудырды. Дәріс аяқталғаннан кейін студенттерден қойылған сұрақтарға Бас консул мырза қуана жауап берді.

Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонның дәрісі Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 5-ші Корейтану апталығы аясындағы алғашқы қонақ дәрісі болды. Алда басқа жоғары оқу орындарының корейтанушы профессорларының бірқатар дәрістері, сондай-ақ шығыстану факультетінің жұмыс берушілері мен серіктестерінің дәрістері жоспарланған.

Печать