Психологпен кездесу "Стресс-менеджмент емтихан алдындағы шиеленіспен күресу тәсілі ретінде"

2023 жылдың 29 қарашасында Шет тілдері педагогикалық факультетінің шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы университет жатақханасында психологпен кездесу шарасы өткізілді. Іс – шараның тақырыбы-"Стресс-менеджмент емтихан алдындағы шиеленіспен күресу тәсілі ретінде".

Стресспен күресу үшін қажет болып табылады:
1) ұйқы режимін орнату ,әдетке айналдыру- бірнеше күн ішінде бір уақытта ұйықтау.
2) тамақтануды қадағалау: бүкіл апта бойы демалыс күндері тамақ дайындау, асханада не сатып алу керектігін алдын — ала ойластырып, шешім қабылдауға күш жұмсамай, мезгілімен дұрыс тамақ ішу қажет. Егер дене күйзеліске ұшыраса, не пісіру немесе сатып алу туралы ойлау гормоналды өзгерістер тудыруы мүмкін.
3) физикалық белсенділікті қосу. Стресс кезінде денеде кортизол жиналады, бұл тамырлардың тонусына нашар әсер етеді. Одан құтылу үшін жаттығу жасау қажет және университетке жылдам қадаммен жаяу жүру немесе таңертең жаттығу жасау жеткілікті.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ

Печать