Түркия Республикасының Мұғалімдер күніне орай "Sevdamız Türkçe" тақырыбында интеллектуалды сайыс

30 қарашада шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының түрік бөлімі оқытушылары мен Ялчын Юрдакул мырзаның ұйымдастыруымен 24 қараша Түркия Республикасының Мұғалімдер күніне орай  "Sevdamız Türkçe" тақырыбында интеллектуалды сайысы өтті. Аталған іс-шараға Шет тілдері педагогикалық колледжі, Халықаралық сервис және менеджмент колледжі, Халықаралық туризмнің менеджмент колледжінің студенттері мен оқытушылары қонақ болды. Сондай-ақ шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э.М., шығыс филологиясы кафедрасының оқытушылары қатысты. «Шетел филологиясы (түрік тілі)» және «Шығыстану (түрік тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер интеллектуалды сайыста бақ сынады.

Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әнұранынан басталды. Шығыстану факультетінің деканы Э.М. Кагазбаева барлық жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға қолдау білдірді. Интеллектуалды сайыс бес кезеңнен тұрды: 1 кезең- түрік сериалдардан үзінді, 2 кезең - Түркия тарихы, 3 кезең - атақты тұлғалар, 4 кезең -Түркияның атақты туристтік және тарихи мекендері, 5 кезең - түрікше әндер болды. Сайыс өте қызық, жаңа  мағлұматтарға толы болды.

Іс-шараның нәтижесінде,  1 орынға 302 топ («Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы), 2 орынға 223 топ («Шығыстану» білім беру бағдарламасы), 3 орынға 222 топ («Шығыстану» білім беру бағдарламасы) ие болды. Жеңімпаздар сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.

Печать