Халықаралық байқау - «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2023»

2023 ж. 8 желтоқсанда Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2023» атты халықаралық байқауы өтті. Бұл халықаралық байқауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Қодас Мақпал қатысқан болатын. Нәтижесінде, Қодас Мақпал І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Университетіміз бен факультетіміздің мәртебесін асқақтатқан студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 1. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ, МАҚСАТ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать