Шығыстану факультеті оқытушыларының "қытай тілін оқыту әдістемесі" халықаралық семинарына қатысуы (ҚХР, Шыңжаң)

2024 жылдың 2-16 қаңтары аралығында Шыңжаң педагогикалық университетінде «Қытай тілін оқыту әдістемесі» тақырыбында семинар өтті. Семинардың негізгі ұйымдастырушысы – ШҰАР халық үкіметінің білім бөлімі мен Қытай Халық Республикасы білім министрлігінің мектеп құрылысын жоспарлау және дамыту орталығы. Семинарға Шығыстану факультетінің Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының меңгерушісі Джелдібаева Раушан Бәзікенқызы, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәрсембаева Ф.Н., оқытушылар Әділәлі Ж, Әшімбаева А.К. семинарға белсене қатысып, білімдерін жетілдірді.

Курс барысында қатысушылар мәдени тәжірибе алмасып, түрлі мәдени тақырыптар бойынша лекциялар тыңдады. Қытайлық оқытушылар курсқа қатысушылармен өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Қытайлық мұғалімдер шетелдік мұғалімдердің ынта-жігеріне тәнті болды.

Семинар барысында қытайлық оқытушылар курс тыңдаушыларының үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, оларға тілдік және мәдени білімдерін үнемі жетілдіріп отыруға кеңес берді. Семинарға қатысушылар қытай тілі мен мәдениетін үйренуге тамаша мүмкіндік берген семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать