"Делойт" ЖШС халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясымен телекөпір

29 қаңтар 2024 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Халықаралық бизнес" кафедрасы қауымдастырылған профессор А. Абинова және аға оқытушы А. Мауленова жетекшілігімен "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының  4 курс қазақ және орыс бөлімінің білім алушылары үшін "Аудит" пәні шеңберінде "Делойт" ЖШС ірі халықаралық аудиторлық - консалтингтік компаниясымен телекөпір өткізді. "Делойт" ЖШС өкілі 15 жылдық тәжірибесі бар сарапшы-аудитор Анель Тулегенова ішкі аудиттің түрлері мен ерекшеліктерін түсіндірді. Студенттер жүйенің сәйкестігін бағалау, ұйымның тәуекелдерін анықтау және аудиторлық бағалаудан кейін фирмаларда бизнес процестерді жетілдіру туралы ақпаратпен танысты.

Телекөпір тақырыбы аудиторияның қызығушылығын тудырды, спикер білім алушыларды ішкі аудит жүргізу мәселелерін де, төрттік аудиторлық компанияларға жұмысқа орналасудың мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, дәріс барысында ұсынылған практикалық сипаттағы материал ҚР-дағы аудиттің  жағдайын сипаттайды, бұл өз кезегінде білім беру процесі тарапынан үлкен қызығушылық туғызады.

Дәріс соңында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті басқарма төрағасы-ректор Қунанбаева Сәлима Сағиқызы атынан "Халықаралық бизнес" кафедрасының меңгерушісі Мыңжанова Гүлжақан Тлесовна аудитор Анель  Тулегенова ханымға алғыс хат табыс етіп, болашақ серіктестікке ниет білдірілді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, МАҚСАТ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать