ХҚҚжәнеБ факультеті студенттерінің "Dolce Farm"компаниясына экскурсиясы

31.01. 2024 жылы "Халықаралық бизнес" кафедрасының "Халықаралық сауда" пәні аясында Халықаралық бизнес оқу бағдарламасының қазақ және орыс бөлімінде оқитын 4 курс студенттері Dolce pfarm медициналық материалдарды дайындау компаниясына экскурсия ұйымдастырылды. Сапар барысында кафедра ПОҚ және студенттер Dolce Pharm медициналық материалдарын өндірудің барлық кезеңдерімен, жоспарлы экономиканың практикалық аспектілерімен танысты, халықаралық деңгейде бизнесті құру туралы ақпарат алды. Компанияға сапар барысында алынған ақпаратты студенттер 2024 жылғы 19 ақпанда "Халықаралық сауда" пәнінен іскерлік ойын нысанында өтетін ашық сабақ барысында пайдаланатын болады.

Печать