«Адамгершілік салауатты тұлғаны қалыптастырудағы азаматтық-патриоттық тәрбиенің рөлі» әлеуметтік акциясы

06.02.2024 жылы Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалымен бірлесе отырып, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған «Адамгершілік салауатты тұлғаны қалыптастырудағы азаматтық-патриоттық тәрбиенің рөлі» әлеуметтік акциясы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың бейбіт уақытта да үлкен міндеттерді атқаратын армияның өсіп келе жатқан рөлін көрсететін тұжырымдамасын қолдау болды.

Іс-шараға Ауған жауынгерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының ҚР Құрлық әскерлерінің десанттық-шабуылдау курсанттары, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің әскери кафедрасында оқитын студенттері қатысты.

Кездесудің модераторы Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Құсайынов болды, ол қатысушыларға сәлем жолдап, Қазіргі Қазақстандағы Ауғанстан ардагерлерінің рөлін атап өтті. Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің Үйлестіру кеңесінің төрағасы Мурат Абудшукуров Ауғанстандағы соғыс кезінде қазақстандықтардың көрсеткен батылдығы туралы баяндады. ҚР Құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор А. Джумакеев Ауған соғысының тарихы, ҚР десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметі туралы қысқаша айтып берді.

Ресми іс-шара Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттік ұйымдарының мерекелік концертімен жалғасты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ

Печать