«Ақиық ақын – Мұқағали» атты байқау.

Мемлекеттік тіліміздің қолдау аясын кеңейтіп, қоғамдық санаға орнықтыру, ақиық ақынның жалынды жырлары арқылы жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамыту мақсатында Университетіміздің Идеология және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 9 ақпан күні «Ақиық ақын - Мұқағали» атты студенттер арасында байқау өтті. 

І-ші кезең «Сыңғырла, менің жан сырым»- ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді жанды дауыста орындау бойынша бір бірінен өткен керемет орындауларымен сайсыкерлер бағын сынады. Лирикалық өлеңдерді орындаған студенттеріміз көрермендерге өмірге қайта келгендей бір керемет сезім сыйлады.

«Мұзбалақ ақын мұрасы»  атты кезеңінде қатысушылар ақынның поэзия шығармашылығын мәнерлеп оқу бойынша сайысқа түсті. 80-ке жуық қатысуға ниет білдірген студенттердің арасынан 20-сы іріктуден өтіп ІІ-кезеңге сайысқа түсті. Жастар ақынның  сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, жүрегі бар адамның сезімін селт еткізіп мәңгі сақталатындай әсер қалдырды. Байқаудың қортындысы шығаруға әділ-қазылар алқасына оңай болған жоқ. Дей тұра шешім шықты.

Сонымен жанды дауыста «Жарығым-ай» әнін орындаған  Күнболат Арман, МжХҚ факультетінің 3 курс студенті жүлделі І-ші орынға ие болды, ІІ орын «Мен деп ойла» әнін орындаған Ерғалиев Бексұлтан, педагогикалық факультетінің 3-ші курс студенті, педагогикалық факультетінің 2-ші курс студенті Ғұбайдулла Данагүл «Тұған өлке» әнін орындап ІІІ-ші орын иегері атанды.

«Мұзбалақ ақын мұрасы» - мәнерлеп оқу бойынша жүлделі орындар иеленгендер:

І-ші орын – Мұратова Әмина, Аударма және филология факультетінің студенті

ІІ-ші орын – Джумашев Диас, Менеджмент және халықаралық комминикациялар факультетінің 2-ші курс студенті

ІІІ-ші орын – Ильяс Айдар, Менеджмент және халықаралық комминикациялар факультетінің 1-ші курс студенті.

Барлық қатысушылар «Алғыс хат» , ал жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать