Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мен Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени ынтымақтастықты нығайту

2024 жылдың 12 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Түрік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының білім беру атташесі Коркмаз Айхан мырзамен Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің басшылығы, профессорлық-оқытушы құрам және түрік тілін оқып жатқан студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру үшін Түркия Республикасындағы университеттердің географиясын кеңейту, сонымен қатар студенттердің «Түрік әлемінің цифрлық азаматтылығы» (TUDVA) жобасына қатысу мәселелері талқыланды.

Түркия Республикасының бас консулы Эврен Мудеррисоглу мырза университеттің түрік тілін оқытатын мамандандырылған кабинет құру жобасын қолдауға дайын екенін білдірді.

Қонақтарымызға келгендері үшін алғыс айтамыз және жемісті ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенеміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать