"ҚР сыртқы саудасы"

2024 жылғы 19 ақпанда 207/3 аудиторияда сағат 10:55-12:40 аралығында э.ғ. к., ассоц профессор  С. О. Читанова "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының 4 курс орыс бөлімі студенттерімен Іскерлік ойын түріндегі "ҚР сыртқы саудасы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ:

1-кезең: "Dolce-Pharm" компаниясының 4 курс студенттеріне бару (31 қаңтар 2024ж.)

2 кезең: сабақ кестесі бойынша практикалық сабақ

Практикалық сабақ сценарийі:

"Dolce-Pharm" компаниясының қызметі туралы бейне ролик (3,5 минут)

Командалар жарысы (4 команда)

1-Команда жоба атауы: "Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бір реттік медициналық бұйымдар нарығын талдау

2-Команда жоба атауы: "Бір реттік медициналық бұйымдардың әлемдік нарығын талдау"

3-Команда жоба атауы: "Польшаның бір реттік медициналық өнімдер нарығын талдау"

4-Команда жоба атауы: "Ресей Федерациясының бір реттік медициналық өнімдер нарығын талдау"

Қазылар алқасы (экономиканың нақты секторының өкілдері):

1 Үрістембек Амина Мұхтарқызы-"Dolce-Pharm"ЖШС экспорт бөлімінің бастығы

2 Несіпбай Азамат Берікұлы - "Нұрбанк"АҚ Жарнама жөніндегі маманы

3 Жанұзақ Нұрсұлу Жәнібекқызы - "Technograd"ЖШС аға Қаржы талдаушысы

3-кезең: экономиканың нақты секторының өкілдерімен Брифинг (жұмыс берушілер)

Қазылар алқасының мүшелеріне студенттер тарапынан жұмысқа орналасу, компаниялардың жалпы қызметі және т.б туралы сұрақтар қойылды

4 кезең: қорытындылау және командаларды марапаттау

Tags: МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать