Шығыстану факультетінің студенттері «Қазақ киносының жарық жұлдызы» атты мәдени шараға қатысты.

Бүгінгі адамзат өмірінің болмысын киноөнерісіз елестету мумкін емес. Әр дамыған елдің құндылықтары катарында есепке алынатын бұл өнер біздің Отанымыз Қазакстан Республикасында да қарқынды дамып келеді. 2024 жылдын 15 ақпанында қазақ кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі- Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толды.

Қазақ  киносының  саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі  Шәкен Аймановтың  өмір – жолы, туып өскен, оқып білім  алған ортасы, қызмет еткен орындары мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Қазақ  киносының жарық жұлдызы»  атты  мәдени танымдық іс  шараға  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті  Шығыстану Факультетінің   шығыс тілдері аударма кафедрасының 2- курс студенттері  қатысып, рухани азық алып қана қоймай  Қазақфильм киностудиясындағы  Ш.Аймановтың қолданған заттары мен киноқордағы экспонаттар , режиссердің жеке кабинетіндегі заттарымен де таныс болды.  

Экспонаттар арасында «Алдар көсе» фильміндегі батыр Аймановтың аспабы асатаяқ, сонымен қатар оның жеке домбырасы, шахмат тақтасы мен түсіру алаңындағы қаруын және киноаппаратты көруге болады. «Атаманның ақыры» фильміндегі: киім-кешек, қаламсап, сағаттары және басқа да баға жетпес экспонаттар қойылды.

Печать