Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (ТАРА) үшін Аударма және филология факультеті студенттерінің синхронды аудармасы

07.10.2022 - Бакалавриат және магистратура студенттері, сондай-ақ аударма және филология факультетінің синхронды аударма кафедрасының оқытушылары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VI-шы Орталық Азия халықаралық форумының синхронды аудармасын орындады. Олардың біліктілігі жоғары бағаланды, сондай-ақ олар тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл маңызды оқиға студенттер мен оқытушылардың аударма дағдыларының дәлелі ғана емес, сонымен қатар біздің университеттің білім беру саласындағы ТАРА сияқты халықаралық деңгейдегі ірі субъектілермен тығыз ынтымақтастығының дәлелі болды. Біздің студенттердің форумға аудармашы ретінде қатысуы университет пен факультеттің жоғары беделін растады, сондай-ақ студенттерді алдағы жетістіктерге жігерлендірді.

Біздің дарынды магистранттарымызды Жумажан Назерке, Джунусов Игорь, Джайлганова Дамеля, Бесбалаева Лейла, Қауқан Арман,  Жумалиева Жансая, сондай-ақ студенттерімізді Дюсенгалиев Ансар, Бобина Ирина, Берикулы Мадиар, Ча Валерия, Уразбаева Айсулу, Турсунов Алишер, Сон Елена, Жұмаш Жансая, және олардың оқытушыларын Алшанов Руслан Карипжанович және Алтынбеков Жалғас Сайлаубекұлы, тағы бір құрметті жетістікке жетулерімен құттықтаймыз және ризашылығымызды білдіреміз, біздің университет өз студенттерін мақтан тұтады.

Печать