Сейсмология бойынша XI Қазақстан-Қытай Симпозиумында аударма және филология факультетінің студенті

26.09.2023 - 2023 жылғы 26-28 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығында "Орталық Азиядағы жер сілкіністерін болжау, сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық қатерді бағалау" XI Қазақстан - Қытай халықаралық симпозиумы өтті.

Аударма және филология факультетінің "Аудармашы-синхронист" мамандығының 4-курс студенті Сомов Глеб осы іс-шараға ерікті аудармашы ретінде қатысты.

XI Қазақстан-Қытай Симпозиумы екі ел арасындағы ғылым мен зерттеу саласындағы байланыстарды нығайтты, ал біздің студент аудармада шеберліктің жоғары деңгейін көрсете отырып, қазақстандық және қытайлық ғалымдар арасындағы тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету міндетін ойдағыдай орындады.

Печать