«Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кеш

Кеше 2024 жылдың 14 наурызында Абылай хан атындағы Қазақ  халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессорлары мен  оқытушылары Ғ.Ж.Тұңғатова,  Л.Ж Хамимульдинова, Ж.Ж.Есеналиева, С.С. Айтжановалардың ұйымдастыруымен  халықаралық қатынастар факультетінде «Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кеш өтті.

Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу, ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін студенттердің бойына сіңіру, ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету мерекелік кешіміздің мақсаты болды.
Мерекелік кешті өзінің құттықтау сөзімен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Аққожина Баян Қанатқызы бастады.

Мерекенің өтуіне халықаралық қатынастар факультетінің 1-курс орыс бөлімінің  студенттері белсене атсалысты. Кештің тізгінін ұстап, сәнін келтірген 1-курс студенттері - Қабдікәрім Әлия мен Баймаханов Мейіржан. 14 наурыз Көрісу күні мерекесіне орай өткізілген шарада шашу шашылып, студенттер бірін бірі құттықтап, төс қағыстырып, қол алысып, тілектерін айтты. Ұлттық киім киіп шыққан студенттер күй ойнап, ән айтты. Атап айтқанда, Қуандық Олжас пен Қамбарова Нұрай домбырада күй шертті. Кеште  Наурыз мерекесі, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер жайлы бейнебаян көрсетіліп, ұлттық ойындардың мазмұны түсіндірілді. Амренов Арман қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақ» туралы егжей-тегжей әңгімелеп берді. «Батамен ер көгерер» дегендей, кеш барысында студенттер бата беріп, көпшілікті тәнті етті. Әр топ студенттері ұлттық тағамдар әкеліп, дастархан жайды. Студенттер мерекелік дастарханнан дәм татып, мәз-мейрам болысты. Кеш көңілді әрі қызықты өтті.

Печать