Университет аралық пікірталас клубы жұмысын бастады

2 сәуірде PR технологиялар саласындағы өзекті тақырыптар бойынша университетаралық студенттік пікірталас клубы өз жұмысын басталып, 16 сәуірге дейін жалғасады. Белгілі журналист, PR маманы Б.Ш. Алдоңғарованың бастамасымен құрылған жобаның мақсаты - Алматы қаласындағы университет студенттері арасында пікір алмасу.

«Тұран» университетінде Алматыдағы үш жоғары оқу орнының «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері арасында Алматы қаласындағы түтін мәселесі тақырыбында алғашқы пікірталастары өтті.

Қызықты пікірталаста кафедра оқытушысы, ф.ғ.д. О.И. Власенко жетекшілігімен Ablai Khan University-дің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің халықаралық коммуникациялар кафедрасысының «4Власть» студенттер командасы жеңіске жетті.

«Дағдарыс жағдайындағы мессенджерлердің рөлі», сондай-ақ «Фейктердің пайда болу себептері және оларды бақылау жолдары» тақырыптары бойынша университетаралық пікірталас клубының келесі отырыстары Ablaikhan University және KIMEP-те өтеді.

Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

Tags: МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать