2024 жылдың 4 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн форматы бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану», «Түркітану» білім беру бағдарламалары бойынша 1-4 курс студенттері Ерен Айзере Медеуқызы, Сатыбалдина Еркеназ Джанболатовна, Қаблан Айша Қутбайқызы, Серикболова Аруна Серикболовна қатысты.
Нәтижесінде,
4 курс студенті Қаблан Айша Қутбайқызы – 2 орын, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.;
4 курс студенті Серикболова Аруна Серикболовна – 3 орын, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.;
1 курс студенті Сатыбалдина Еркеназ Джанболатовна 3 орынды иеленді - ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.
Ал, 1 курс студенті Ерен Айзере Медеуқызы кәсіби шеберлігі үшін сертификатпен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.
Университетіміз бен факультетіміздің мерейін көтерген дарынды студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!