Таиланд Корольдігінің Walailak University делегациясының Абылай хан ҚазХҚжәнеӘТУ-не іс-сапары

2024 жылдың 8 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Walailak University-дің өкілдерімен кездесу өтті. Walailak University атынан университет президенті, профессор, доктор Сомбат Тамронгтханявонг, Инженерия және технологиялар мектебінің деканы, доктор Монтиан Сеткит, Халықаралық қатынастар орталығының директоры, доктор Патнарин Супакорн және Менеджмент бойынша докторлық бағдарламасының төрағасы, доктор Панкеовта Лакканаванит қатысты.

Кездесу екі университет арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға және академиялық алмасуды кеңейтуге арналған. Walailak University-дің президенті, профессор доктор Сомбат Тамронгтханявонг кездесу мүмкіндігіне ризашылығын білдіріп, университетімізбен ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Кунанбаева Дана Ануварбековна университеттің білім және ғылым саласындағы озық тәжірибе алмасу аясында әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін білдірді.             

Кездесу барысында тараптар «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасында қос дипломды дамыту, «Халықаралық бизнес» және «Туризм» білім беру бағдарламаларында оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытудағы ынтымақтастықтың одан әрі перспективаларын талқылады. Екі тарап бірлескен жарияланым белсенділігін іске асыруды, сондай-ақ ғылыми деректермен алмасуды талқылады.  Walailak University өкілдері Абылай хан мұражайын, этнография мұражайын, М. Копыленко атындағы оқу залын аралады. Университет студенттеріне WU Халықаралық қатынастар орталығының директоры, доктор Патнарин Супакорн дәріс оқыды.

Tags: МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать