Ғылым күні мен Қаныш Сәтпаевтың 125 жыл мерейтойына арналған көрме

2024 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан тарихы кафедрасы Ablai Khan University студенттері үшін тарихи-құжаттың көрмесі ұйымдастырды. Көрме Ғылым күні мен Қаныш Сәтпаевтың 125 жыл мерейтойына арналды.

Іс-шараның спикерлері Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметі бөлімінің сарапшылары Н.Т.Исаева, Г.Н.Дүйсенова, 1 санатты мұрағатшы Б.Т. Тәжібаева Қ.Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері және ғылымның ел дамуы үшін маңызы туралы дәріс оқыды.

Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін геологиялық барлау мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Қазақстанның пайдалы қазбалары мен кен жыныстарының генеалогиясын зерттеуге арналды. Ол геологияда ғана емес, мәдениет пен тарих саласында да елеулі із қалдырды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяғында, елдегі қиын жағдайға қарамастан, ҚазКСР Ғылым академиясы құрылды. Қ.Сәтбаевтың Ғылым академиясын ұйымдастыруға және одан әрі дамытуға белсене араласуы оның ұлы тұлғаларға тән көрегендігін айқындайды.

Көрмеде архивтік құжаттар «Қ.И. Сәтбаевтың өмірбаяны», «Сібір технологиялық институтын аяқтағаны туралы куәлігі», «Том технологиялык институтының тау-кен факультетінің студенті Қ.И. Сәтбаевтың дипломдык жұмысы», «Геологиялық-іздестіру және барлау жұмыстары, Қияқты және Қоңырат кен орындарында бұрғылау жұмыстарын орындау туралы жазбалары бар жұмыс күнделігі», алғаш рет «Таисия Алексеевна Сәтбаеваның Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа жазған хаттары», «Қ.И. Сәтбаевты Қазақ КСР ғылым Академиясының президенті қызметіне бекіту туралы Қазақстан КП (б) ОК қаулысынан», т. б. суреттер, естеліктер Ablai Khan University студенттерінің назарларына ұсынылды. Бұл көрмеден аталған құжаттың тарихына қатысты тың деректер мен маңызды ақпараттар алғандарыңызға сенімдіміз.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. В.А. Изтаеваға және осы кездесуді ұйымдастыруға ат салысқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!

Печать