"Халықаралық шарттар құқығы аясында ҚР қылмыстық заңнамасындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" тақырыбында қонақ дәрісі

2024 жылдың 10 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Құқықтану" мамандығының 3 курс студенттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  з.ғ. к., аға оқытушы Б. М. Жугралина "Халықаралық шарттар құқығы аясында ҚР қылмыстық заңнамасындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті з.ғ. к., халықаралық құқық кафедрасының доценті Ж. Б. Меерманова ұйымдастырды..

Дәріс барысында азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің идеясының пайда болуы мен дамуы мәселелері, пактінің негізгі ережелеріне, халықаралық шарттар құқығына шолу жасалды, сот практикасы мен заңнамалық өзгерістерге талдау жасалды, сондай-ақ азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің контекстінде азаматтық және саяси құқықтарды қорғауды қамтамасыз етудегі проблемалар мен перспективалар берілді. Студенттердің ерекше қызығушылығын ҚР ұлттық заңнамасын халықаралық стандарттарға заңнамалық өзгерістер мен бейімдеу мәселесі тудырды. Қызықтырған мәселелер бойынша халықаралық шарттар құқығы контекстінде ҚР қылмыстық заңнамасындағы халықаралық пактінің рөлі мен маңызы туралы қорытынды жасалды.

Tags: МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать