СПИКЕРЛЕР САЙЫСЫ

Сәуір айының 12-і күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасы оқытушылары ф.ғ.к., доцент Ж.Қ.Дәркенбаева мен ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ш.А.Нұрмышеваның ұйымдастыруымен Менеджмент және халықаралық коммуникация факультеті 2 курс білімгерлері арасында  «Көпшілік алдында сөйлей білесің бе?» тақырыбында спикерлер сайысы болып өтті.

Туризм, Журналистика, Менеджмент және маркетинг, Халықаралық бизнес, Қоғаммен байланыс, Мейманхана және мейрамхана бизнесі мамандықтары арасында өткен спикерлер алаңы «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында бейнеролик әзірлеу; 2. «Өнер алды-қызыл тіл» мақал-мәтелдерді пайдаланып диалогке түсу; 3. «Ел болашағы – жастар қолында» шешендік монологі; 4. «Өнерлі өрге жүзер» өнерімен бөлісу кезеңдерінен құралды. Әр кезең әділқазылар - қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ж.Ж.Есеналиева, п.ғ.м.,  аға оқытушы Л.Ж. Хамимульдинова, туризм кафедрасының аға оқытушысы Б.Н. Қыдыралиеваның бағалауымен қорытындыланып отырды.

Спикерлер алаңы өте тартысты, қызу өтті. Факультет білімгерлері спикерлер алаңына ыждаһатты дайындалып келгені байқалды. Сайыс нәтижесінде бас бәйгені Туризм факультетінің білімгерлері, бірінші орынды Журналистика, екінші орынды Қоғаммен байланыс, Мейманхана және мейрамхана бизнесі, үшінші орынды Менеджмент және маркетинг, Халықаралық бизнес факультеті білімгерлері жеңіп алды.

Ерекше белсенділігі, шешендігімен көзге түскен туризм факультетінің білімгерлері Нұрдәулет А, Зекенқызы А, Хатран Е, журналистика мамандығы бойнша Бердәулет Т, Баян А, халықаралық бизнес мамандығы бойынша Елдаарова А, Бесен Б  және т.б. марапатталып, мақтау қағаздарын иеленді.

Спикерлер алаңы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас» пәнінің «Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.

Печать