Аударма және филология факультетінің оқытушысы Ш. О. Саймкулова АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Study of the U. S. Institute (SUSI) for Scholars" бағдарламасының грант иегері

Аударма және филология факультетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы меңгерушісі Саймкулова Шолпан Оразгелдіқызы АҚШ мемлекеттік департаментінің «Study of the U. S. Institute (SUSI) for Scholars» бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Аталмыш грант негізінде Саймкулова Ш.О. АҚШ-тың Монтана университетінде «Contemporary American Literature» бағыты бойынша 6 апталық тағылымдамадан өтеді және оған әлем бойынша 18 ғана үміткер таңдап алынады. «SUSI for Scholars» бағдарламасы шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларына АҚШ қоғамы, мәдениеті, құндылықтары мен институттары туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік бермек.

Печать