«Тіл – халықтың мәдениеті мен күш-қуатының көрінісі» атты орыс тілінен олимпиада

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінің «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасында 2024 жылдың 03.04. - 13.04. аралығында «Тіл – халықтың мәдениеті мен күш-қуатының көрінісі» атты орыс тілінен олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – орыс тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға ұмтылатын, шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыларды анықтау; оқушылардың оқу іс-әрекетіне, өзін тануға және түсінуге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өз бетінше шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі ұйымдастыруды дамыту; тұлғалық қасиеттерін, ізденімпаздық, шыншылдық, еңбексүйгіштік, ерік-жігер, табандылық, дербестік қасиеттерін дамыту және жетілдіру.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең – сынақ. Тестілеуден 75 пайыз жинағандар екінші кезеңге жіберілді. Екінші кезең – мәнерлеп оқу сайысы. Олимпиадаға қазақ бөлімдерінен 1 курс студенттері қатысты. Бірінші турға барлығы 107 оқушы қатысты. Бірінші турдың қорытындысы бойынша екінші турға 30 оқушы өтті. Байқау және тестілеу нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталып, оларға дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

Келесі студенттер дипломдармен марапатталды:

1 орын – Қалыбай Нұрай, 101 топ,  Шетел тілдері педагогикалық факультеті, жетекші - п.ғ.д., проф. Қабдулова Қ.Л.

2 орын – Шарипбаева Самал, 105 топ, Шетел тілдері педагогикалық факультеті, жетекші-  п.ғ.к., доцент. Сапарбаева А.М.

2 орын –Қаппар Баян, 117 топ, Шығыстану факультеті, жетекші -п.ғ.д., доц. Ақбембетова А.Е. 

3 орын – Нурбаева Алуа, 103 топ, Шетел тілдері педагогикалық факультеті,

жетекші - ф.ғ.к., аға оқытушы Тойшибаева Г.Қ.

3 орын – Турехан Жанель, 102 топ, ХҚФ, жетекші -ф.ғ.д., проф. Мурзалина Б.Қ.

3 орын – Айтбай Нұрайлым, 104 топ, Шетел тілдері педагогикалық факультеті  – жетекші п.ғ.д., доцент. Юнусова М.С.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать