«Есіңде болсын...» онлайн байқау

Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында   келесі іс-шаралар жүргізілді:

1 Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының оқытушылары Көкшетау қаласындағы  Ш.Уәлиханов атындағы университетінде  өткен Республикалық онлайн байқауға студенттерін дайындады.  «Есіңде болсын...» байқауы Қазақстанның белгілі аудармашысы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді.

Байқау келесі талаптар бойынша өткізілді:

  1. Г.Бельгердің «Ел» шығармасынан үзіндіні аудару (орыс тілінен неміс, қазақ, ағылшын тілдеріне)
  2. Байқау тақырыбы бойынша авторлық өлеңдер құрастыру
  3. Байқау тақырыбы бойынша Г.Бельгердің қанатты сөздерін пайдаланып эссе жазу.

Байқаудың басты мақсаты – достас екі мемлекет – Қазақстан мен Германияның мәдени және әлеуметтік өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан Герольд Бельгердің әдеби мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау. Байқауға Қазақстанның 14 жоғары оқу орнынан 1-4 курс аралығындағы 69 студент қатысты. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Салтанатты шараға Алматыдан арнайы келген Германияның «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық газетінің журналистері қатысты. Бұл сайыста 1 курс студенттеріміз түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

Байқау нәтижелері:

1 номинация – эссе

2 орын – Нұрбек Құндыз –жетекшісі п.ғ.к., доцент Сапарбаева А.М., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;

Тауенова Инаят – жетекшісі ф.ғ.к. , аға оқытушы Тойшыбаева Г.Қ. , Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

3 орын – Абдинағи Аязел – жетекшісі ф.ғ.к.,  аға оқытушы Тойшыбаева Г.К., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

2 номинация – Г.Бельгер шығармасынан үзінді аудармасы

Осы санат бойынша номинациялар:

-Шәкен Айзада – жетекшісі ф.ғ.к., аға оқытушы Тойшыбаева Г.К., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - «Мәдени көпір»;

- Жұмабекова Айша – жетекшісі ф.ғ.к., доцент Ибадильдина З.Х., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті  – «Түпнұсқа аударма»;

- Ізбасар Құралай – жетекшісі, п.ғ.д., профессор Қ.Л.Қабдулова, Абылай хан атындағы Kaзақ халыхаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – «Мәдениетаралық аудармашы»

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать