Ablaikhan University студенттерінің шахматтан ҚР спорттық студенттер лигасына қатысуы

2024 жылдың 13, 14 сәуірінде Satbaev University-де Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері Қазақстан Республикасының спорттық студенттік шахмат лигасына қатысты. Іс-шара мақсаты спорттық шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу және ССЛ қатысушылары - студент жастар арасында достық қарым-қатынасты дамыту, сонымен қатар университетімізді жарнамалау болды.

ССЛ шахмат жарыстарына 18 жоғары оқу орны қатысты. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ командасы 11 ұпай жинап, турнирде алтыншы орынға ие болды. Нәтижелерді chess-Results.com сайтынан көруге болады.

Команда құрамы:

Ұлдар

  1. Амренов А., ХҚҚжБ – 1 тақта
  2. Ермеков С., ШТПФ – 2 тақта
  3. Ожиганов Қ., ШТПФ – 3 тақта

Қыздар

  1. Рахат Ш., АжФФ – 1 тақта
  2. Есіркеп А., АжФФ – 2 тақта
  3. Жасұлан М., ШТПФ - 3 тақта

Satbaev University Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай омандалық және жеке жарыстарда жүлделі орындар ретінде дипломдар, медальдар және сертификаттар табыс етті.

Жекелей сында шахмат бойынша LLS барлық қатысушыларының арасында (ерлер санатында) ең жақсы нәтижені ХҚҚжБ студенті Амренов А. (9 ұпайдан 8,5 ұпай) көрсетіп, 40 000 теңгенің сертификатына ие болды.

АжФФ студенттері Рахат Ш. Және Есіркеп А. қалалық шахмат турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері (қыздар санатында) екендігін атап өту керек. Бұл жолы Шынардың жеңуіне жарты ұпай жетпей қалды (үш қатысушыға 9 ұпайдан 8 ұпай болды).

ШТПФ студенттері Ермеков С. және Ожиганов К. жақсы нәтиже көрсетті.

Алғаш рет және абыроймен өнер көрсеткен - ШТПФ студенті Жасұлан М.

Қазір Абылай хан атынгдағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің 2 командасы оқытушы Третьякова Н.М. – ның жетекшілігімен 2024 жылдың 18-20 сәуірі аралығында КИМЭП-те өтетін «Көктемгі шахмат турнирінде» өнер көрсетуге дайындалуда.

Печать